Ссылки доступа

Америкалық режиссер қырғыз балуаны Айсулуу Тыныбекова жайында фильм түсірді (видео)


Айсулуу Тыныбекова
Айсулуу Тыныбекова

Америкалық режиссер Рейчел Сайн қырғыз спортшысы Айсулуу Тыныбекова жайында деректі фильм түсірді. Бұл жөнінде Күрес федерациясының вице-президенті Байгазы Кенжебаев хабарлады.

Ол соңғы екі жыл бойы Тыныбековамен барлық жарыстар мен жаттығуына бірге барғанын айтты.

«Ол Айсулуудың жаттығу жасаған кезін, жеке өмірін түсірді. Әлем чемпионатына да бірге барды. Бұл Айсулуудың өмірі, балалық шағы, отбасы және спорттағы жетістігі жайында фильм болады. Премьерасын қашан көрсететініміз әзірге белгісіз. Бұл жастарға арналған мотивациялық фильм болмақ», - деді Кенжебаев.

6 қаңтарда белгілі болғандай, Айсулуу Тыныбекова Біріккен әлем күресі рейтінгісі бойынша әйел-балуандар арасында бірінші орында тұр.

Былтыр 20 қыркүйекте Айсулуу Тыныбекова Нұр-Сұлтанда өткен күрестен Әлем біріншілігінде алтын медаль жеңіп алды. Бұл спорттың осы саласы бойынша Қырғызстан тарихындағы алғашқы жетістік.

Финалда Тыныбекова болгариялық спортшы Тайбе Мустафа Юсейинді 5:3 есебімен жеңді. Ол жартылай виналда 2020 жылы Токиода өтетін Олимпиадаға жолдама алды.

XS
SM
MD
LG