Ссылки доступа

Зерттеу: Тәжікстан тұрғындары киімге жылына 30 доллар жұмсайды


Тәжікстанның әрбір тұрғыны киім сатып алуға (аяқ-киімді қоспағанда) жылына 300 сомони (30 доллар) жұмсайды. Бұл туралы халықаралық сауда орталығы тарабынан жүргізілген зерттеуде айтылған.

Жыл басында жарияланған зерттеуге сәйкес, ресейліктер киім сатып алуға жылына 260 доллар, қырғызстандықтар 30-35 доллар, өзбекстандықтар 35-50 доллар жаратады.

Зерттеушілердің айтуынша, тәжікстандықтардың киімдері әртүрлі болғанымен, елдің қарапайым тұрғыны бұл мақсатта аз ақша жұмсайды. Тәжікстанда соңғы жылдары киім-кешек сатып алуға шығын азайған. Мәселен, тәжік азаматтарының 2013 жылы киім сатып алуы 39 доллар, 2014 жылы 42 долларды құраған.

Зерттеушілер шығынның азайғанын, еңбек мигранттарының аударған ақшасының кемігенімен байланыстырады. 2013 жылы Ресейдегі тәжік азаматтары отанына 4 млрд доллар аударса, 2015-2016 жылдары бұл көрсеткіш 1,5 млрд долларға дейін төмендеген.

XS
SM
MD
LG