Ссылки доступа

Әндіжанда блогерді балағаттағаны үшін шенеунікке 590 доллар айыппұл салынды


журналист Хуршид Далиев
журналист Хуршид Далиев

Әндіжан қалалық әкімдігінің баспасөз хатшысы Гүлшаной Кучкарова блогер Хуршид Далиевті кемсітті және жала жапты деп танылды.

Әндіжан қалалық сотының шешіміне сәйкес, Кучкароваға 5 575 000 сум (590 доллар) көлемінде айыппұл салынып, ескерту берілді.

Human.uz порталының журналисі әрі блогер Хуршид Далиев екі ай бұрын құқық қорғау органдарына шағымданып, интернетте өзін кемсіткен пост жазғаны үшін Гүлшаной Кучкарованы жауапкершілікке тартуды сұраған.

Кучкарова интернет қолданушыларын Хуршид Далиевтің Telegram-каналына кірмеуге үндеген. Мұнан бөлек ол блогерді "сатқын және бұзақы" деп атап, оны "Хизб ут-Тахрир" ұйымына қатысы бар деп айыптаған.

Сотта баспасөз хатшы интернетке ашуға беріліп жазғанын айтып, сот шешіміне ешқандай қарсылығы жоқ екенін білдірді.

XS
SM
MD
LG