Ссылки доступа

Қоқан перзентханасында 27 жастағы әйел дәрігерлер салғырттығынан қайтыс болды (видео)


Қоқан қаласының 27 жастағы тұрғыны Муштарий Ганиева қалалық перзентханада дәрігерлердің салғырттығынан қайтыс болды. Марқұмның артында екі баласы жетім қалды.

Қоқан тұрғыны Даврон Ганиевтің айтуынша, оның әйелі Муштарий Ганиева 17 желтоқсанда қалалық перзентханаға түсіп, 2 қаңтарда қайтыс болды.

– Босанған соң әйелімнің жағдайы нашарлады. Оның ұсақ қан тамырлары босану кезінде жарылып кеткен. Дәрігерлер оған мән бермеген. Бірақ іштен қан кете берген. 20 желтоқсанда ол есінен танып, комаға түсті. Содан кейін ғана Ферғанадан дәрігерлер келіп, әйлеме ота жасады. Дегенмен 2 қаңтарда ол қайтыс болды, – деді Даврон Ганиев.

Муштарий Ганиеваның артында екі баласы – жаңа туған қыз бен 7 жастағы үлкен қызы жетім қалды.

Шенеуніктердің айтуынша, қазір Ферғана облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшылары Қоқан қаласында болған оқиғаны зерттеп жатыр.

XS
SM
MD
LG