Ссылки доступа

АҚШ-тың Түркіменстандағы елшілігі Лебап уәлаятындағы антиамерикалық насихатқа жауап берді


АҚШ-тың Ашғабадтағы елшілігі Түркіменстанның Лебап уәлаятында антиамерикалық насихатқа жауап жазды. Облыстағы жиындарда америкалық "6 Underground" фильмі сыналған. Фильм желісі Түркіменстанға ұқсас елде өрбиді.

АҚШ елшілігінің Азатлык радиосына жолдаған қысқа жауабында Құрама Штаттар Түркіменстанмен мықты қарым-қатынас орнатқаны айтылған.

Еске салайық, 7 қаңтарда Азатлык Лебап уәлаятында антиамерикалық насихат жүріп жатқаны туралы хабарлады. Бюджет қызметкерлері мен мектеп оқушылары қатысқан жиналыстарда жергілікті билік өкілдері Американы "Түркіменстанның жауы" деп атаған.

Бұл жиналыстарда америкалық Netflix кинокомпаниясы түсірген фильм талқыланды.

"Бұл - көркем фильм, оны жекеменшік ойын-сауық компаниясы түсірген. Құрама Штаттар және АҚШ-тың Ашғабадтағы елшілігі Түркіменстанмен мықты қарым-қатынас орнатты" делінген елшілік жауабында.

XS
SM
MD
LG