Ссылки доступа

Тәжікстанда Мулло Садриддин 12 жылға сотталды


Садриддин Муллоев

Душанбе қаласы Сино аудандық соты Садриддин Муллоевті (Мулло Садриддин) терроризм және экстремизм айыбымен 12 жылға колонияға отырғызды. Мулло Садриддин туыстары сот шешімін әділетсіз деп атады.

Куляб қаласының 35 жастағы тұрғыны Cадриддин Муллоев биыл ақпан айында Тәжікстанға оралған. Бұған дейін оған "Жамаат Таблиг" ұйымына мүше деген айып тағылған. Туыстарының айтуынша, ол биліктің рақымшылық туралы уәдесіне сеніп қалған. Дегенмен 21 қыркүйекте Мулло Садриддинді Тәжікстан Бас прокуратурасына кездесуге шақырып, сол жерде ұстаған. Кейін оған терроризм айыбы тағылған. Іс сотқа жеткен.

Садриддин Муллоев 2 қаңтарда соттағы соңғы сөзін айтты. "Сотта ұлым биліктің рақымшылық туралы уәдесіне сеніп, елге оралғанын айтты. Ол кәмелет жасқа толмаған балаларын асырап отырғанын еске салды. Бірақ судья оған 12 жыл берді", - деді Садриддиннің әкесі Хайриддин Муллоев.

Тәжікстан Жоғарғы соты 2006 жылы "Жамаат Таблиг" ұйымына ел аумағында тыйым салды. Ұйымның ондаған мүшесі сотталды.

XS
SM
MD
LG