Ссылки доступа

Бішкекте FactCheck сайтының бас редакторын ұрып кетті


 Болот Темиров
Болот Темиров

Бішкекте FactCheck редакциясының кеңсесі маңында сайттың бас редакторы Болот Темировке күш көрсетілді. Үш жігіт журналиске шабуылдап, оның телефонын тартып алған.

Реакция кеңсесіне милиция мен жедел жәрдем шақыртылды. Дәрігерлер бас редакторға күш көрсетілгенін растады, одан соң Темиров милиция қызметкерлерімен бірге арыз өткізуге кетті.

Шабуыл жасаған жігіттер бұның алдында сайт кеңсесі орналасқан үйдің маңын торуылдап жүрген. Олар FactCheck кеңсесін сұрастырған. Келесі күні сайттың бас редакторына шабуылдаған.

Еске салайық, 2019 жылы желтоқсанда Factcheck.kg зерттеу жариялағанда, портал хакерлердің шабуылына ұшырады. Хакерлер Factcheck.kg материалын басқан Kaktus.media, Economist.kg және Pk.kg сайттарына да шабуыл жасаған.

XS
SM
MD
LG