Ссылки доступа

Қырғыз-қазақ шекарасында жүк көліктері тағы өте алмай тұр (видео)


Қырғыз-қазақ шекарасындағы "Ак-Тилек" бақылау-өткізу пунктінде жүк көліктерінің тығыны бір шақырымнан асып кетті.

Жүргізушілердің айтуынша, тығынның пайда болуына қазақ тарапының жүк көліктерден электорнды пломб талап етуі себеп болған. Қырғыз мемлекеттік шекара қызметі екі ел азаматтарына шекарадан өтуге бөгет жоқ дейді. Бірақ Қазақстан мемлекеттік кіріс жөніндегі комитеті жүк көліктерінен электорнды пломб талап етуі жағдайды қиындатып жіберген.

Қырғыз жағында кезекте тұрған жүк көліктері жүргізушілерінің айтуынша, олар Қазақстан жағының шекара бақылауынан үш аптадан бері өте алмай тұр.

Қырғызстан мемлекеттік шекара қызметі басшысының орынбасары Абдикарим Алимбаевтың айтуынша, қазақ тарапында пломб жетіспей жатқандықтан, үш күнде кезек ұзарған.

- Біз жақтан жүк көліктері Қазақстан аумағына өткенде, олар электронды пломб беруі тиіс. Соның көмегімен жүк көліктерінің Қазақстанның Ресеймен шекарасына дейін жеткенін бақылауға болады, - деді ол.

XS
SM
MD
LG