Ссылки доступа

Қырғызстанда 2019 жылы 5 мыңнан асам отбасылық зорлық-зомбылық оқиғасы тіркелген


2019 жылы 5 мыңнан астам зорлық-зомбылық оқиғасы тіркелді деп хабарлайды Қырғызстанның ІІМ баспасөз қызметі.

Осы уақыт ішінде құқық қорғау органдары тарапынан бес мыңнан астам қорғау ордер берілген. 580 іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

2017 жылы «Отбасылық зорлық-зомбылықтан қорғау туралы» заң қабылданған.

2020 жылдың басында Қырғызстанда екі әйелдің күйеуінің зомбылығынан қаза тапқаны хабарланды.

4 қаңтарда Ыстықкөл облысында ер адам әйелінің үстіне бензин құйып өртеген. Қазір 33 жастағы келіншек ауруханада жатыр.

Елдің премьер-министрі Мұхаммедкалый Абылгазиев Қырғызстанда әйелдер жақындары тарапынан жиі жәбір көретінін мойындады. Ол ұлттық заңдарды жетілдіруге, зорлық-зомбылыққа қарсы жазаны күшейтуге тапсырма берді.

XS
SM
MD
LG