Ссылки доступа

Тәжікстанда соңғы бір айда 100 қара мал жоғалған


Тәжікстанның Ауғанстанмен шекаралас аумағында ондаған мал із-түссіз жоғалып кеткен. Тұрғындар белгісіз біреулер малды Пяндж өзенінің арғы бетіне алып кетіп жатыр деп болжайды. Жергілікті билік малдың жоғалуына байланысты тергеу басталғанын мәлімдеді.

Бір түннің ішінде Кокул ауылының тұрғынының бес сиыры жоғалып кеткен. Үй иесі малын іздеуден еш нәтиже шықпағанын айтады. Бұл ауылда мал жалғыз күнкөріс көзі.

Кокул тұрғындары құқық қорғау органдарына бірнеше рет шағымданғанын, бірақ нәтиже жоғын айтады.

Бірақ Фархор ауданы басшысы Рустам Рахматзода бұл іс бойынша тергеу жүріп жатыр деп мәлімдеді.

Кокул ауылында соңғы бір айда 100 қара мал жоғалған.

XS
SM
MD
LG