Ссылки доступа

Қарақалпақстанда қинап өлтірілген ана мен баланың сүйегі табылды


Қарақалпақстанның Әмудария ауданында 8 қаңтар күні 25 жастағы әйел және екі жастағы қызының сүйегі табылды.

Ақпаратқа қарағанда, әйел мен қыздың денесінде зорлық-зомбылықтың іздері болған.

Бұл туралы Қарақалпақстан республикасының бас прокуратурасы мәлімдеді. Сол күні үй иесі, 27 жастағы жігіт сарайда асылып өлген.

Әмудария аудандық прокуратурасы “Әдейілеп кісі өлтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.

XS
SM
MD
LG