Құқық қорғау органдарына шекарадағы елді мекендерді үнемі аралап, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету тапсырылды.
Вице-премьер-министр Жениш Разаков екі мемлекеттің тиісті органдарымен келіссөзді күшейтуді тапсырды. Үкімет басшысының мәлімдеуінше, тараптар шекараға қатысты қабылданған шешімдерді қатаң орындауы тиіс.
10 қаңтарға қараған түні қырғыз-тәжік шекарасында жанжал болды. Қырғызстан билігінің хабарлауынша, белгісіз біреулер қырғыз азаматына тиесілі автокөлікті таспен атқан. "Түнгі сағат 02:40 шамасында Кок-Таш ауылында Тәжікстан жақтан оқ атылды" деп хабарлады қырғыздың ішкі істер министрлігі.
Тәжікстан Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті шекарадағы жанжалға Қырғызстанның тиісті органдары жауапты деп мәлімдеді.