Ссылки доступа

Түркияда өзбек азаматын өлтірді деген күдікпен Түркіменстан азаматтары ұсталды


Generic -- Hand with knife. Street violence concept. @shutterstock

Стамбулда Түркіменстанның екі азаматы өзбек азаматын өлтірді деген күдікпен ұсталды. Бұл туралы 9 қаңтарда түрік ақпарат құралдары хабарлады.

"Миллиет" газетінің хабарлауынша, 1 қаңтарда Стамбулдың Эсенюрт ауданында жергілікті тұрғындар пышақталған жігітті тауып алып, дәрігерлерге хабар берген.

"Оқиға орнына жеткен дәрігерлер Арслан есімді түркімен азаматын ауруханаға жатқызды. Ол үш күннен соң есін жиды" деп жазды газет.

Арслан Эсенюрт ауданындағы бір үйде алты жігіт жанжалдасып қалғанын, сол кезде Олимбай есімді өзбек жігіті пышақталғанын, өзі қашып үлгергенін айтты.

3 қаңтарда түрік полициясы өзбекстандық Олимбайдың мәйітін өзен жағасынан тапқан. Тергеушілер оны пышақтап өлтіргенін анықтаған.

Түрік полициясы Түркіменстанның екі азаматы мен Өзбекстанның бір азаматын ұстады. Күдіктілер жасаған қылмысын мойындаған.

XS
SM
MD
LG