Ссылки доступа

Прагада өзбек таксиші поляк визасымен, украин куәлігімен ұсталды


Прага полициясы жергілікті такси қызметінде істейтін өзбек азаматын ұстады деп хабарлады Vinegret.cz басылымы.

"Өзбекстан азаматы автокөлікті поляк нөмірімен басқарған. Ол көлік жүргізу куәлігін Украинадан алған. Бұған қоса ол Чехияда мерзімі өтіп кеткен поляк визасымен жүрген. Өзбек азаматы кем дегенде екі ереже бұзды - рұқсатсыз жұмыс істеді және рұқсатсыз такси қызметін ұсынды" деп жазды жергілікті басылым.

Прага полициясы хаттама толтырып, заң бұзған азаматты қала билігіне тапсырған.

XS
SM
MD
LG