Ссылки доступа

Өзбекстанда 2019 жылы автонөмірлер 16 млн долларға сатылған


2019 жылы онлайн-аукцион арқылы 36 300 автомобиль нөмірі 156,1 млрд. сумға ($16,3 млн) сатылды.

Ең арзан нөмір бір миллион сумға ($100), ал ең қымбаты - 91 миллион сумға ($9,5 мың) бағаланды. Автоөндіріс саудасы 51,1 пайызға артқан.

Бұл мәліметті биржа кеңесі төрағасының орынбасары Ислам Ибрагимов жариялады.

Еске салайық, Өзбекстанда автомобиль нөмірлері 2017 жылы қыркүйекте сатыла бастады. Үш айдың ішінде 21 млн. сум ($2 мың) пайда түскен.

XS
SM
MD
LG