Ссылки доступа

Қырғызстанда шекара жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысы жабық өтіп жатыр


Қырғыз вице-премьер-министрі Жениш Разаков Баткен қаласында шекара мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысын өткізіп жатыр. Бұл туралы Азаттық радиосының Қырғыз қызметі хабарлады.

Жиналыста Баткен облысының басшысы Акрам Мадумаров аймақтағы қоғамдық-саяси жағдай туралы есеп берді.

Оның айтуынша, 2019 жылы қырғыз-тәжік шекарасында 14 жанжал тіркелген. Соның сегізінде екі елдің тұрғындары қару қолданған.

Одан соң жиналысқа келген БАҚ өкілдері залдан шығарылды. Жиналыс жабық өтіп жатыр.

Биыл 10 қаңтарда қырғыз-тәжік шекарасында тағы бір жанжал болды. Оқ атылды. Тұрғындар автокөліктерді таспен атты. Кок-Таш ауылының төрт тұрғыны жаппай тәртіпсіздік жасады деген күдікпен ұсталды.

XS
SM
MD
LG