Ссылки доступа

Ташкентте бесінші қабаттан құлаған бала аман қалды


Uz

Өзбекстанның денсаулық сақтау министрлігі Ташкентте бесінші қабаттан құлаған баланың жағдайы туралы мәлімет берді.

14 қаңтарда астананың Алмазар ауданында бесінші қабаттан үш жастағы бала құлап кетті. Ол пәтерде жалғыз болған. Баланың құлағалы тұрғанын көрген көршілер оны матамен қағып алған.

Интернетте тұрғындардың баланы құтқару әрекеті туралы видео тарап кетті.

Жедел жәрдем оқиға орнына жеті минутта жеткен. Алғашқы медициналық көмек сол жерде көрсетіліп, бала ауруханаға жеткізілді.

Дәрігерлер баланың жағдайы жақсы деп отыр.

XS
SM
MD
LG