Ссылки доступа

Түркімен билігі халық санын 6 млн деп жарияласа, дереккөз одан екі есе аз дейді


Түркіменстан билігі халық санына қатысты жаңа мәлімет жариялады.

Түркіменстан билігі 2020 жылы желтоқсанда өтетін халықаралық конференцияға арналған сайтта халық санын 6,2 миллион адам деп көрсетті. Билік халық санына қатысты мәліметті 1995 жылдан бері алғаш рет жариялап отыр. Дегенмен мұндай мәлімет Мемлекеттік статистика жөніндегі комитет сайтында да жоқ.

2012 жылы өткізілген халық санағының мәліметтері сол күйі жарияланбады. Келесі халық санағы 2022 жылы өтеді. Көбі халық санын 1995 жылғы санақтан алады. Сол кезде Түркіменстанда 4 миллион 481 мың адам болған. 1991 жылы Түркіменстан халқы 3,7 миллион екені анықталған.

Өткен жылдың басында Азаттық радиосы түркімен қызметінің Түркіменстан үкіметіндегі дереккөзі соңғы он жылда елден 1 миллион 879 мың адам көшіп кеткенін айтты. Мұндай мәлімет президент Гурбангұлы Бердымұхамедовке ұнамаған.

Үкіметтегі дереккөз мәліметі бойынша, 2019 жылы халық саны 3,3 миллион адамнан аспаған.

XS
SM
MD
LG