Ссылки доступа

Қырғызстанда 16 жастағы қызды бордельде ұстағандар қолға түсті


Қырғыз милициясы 16 жастағы қызды бордельде мәжбүрлеп ұстаған үш күдіктіні қамауға алды. Бұл туралы Бішкек ішкі істер басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Бұған дейін мәлім болғандай, 2019 жылы қарашада белгісіз адамдар қызды Қаракөл қаласынан ұрлап әкеткен. Қыз екі апта бордельде болған. Оны ұрып-соғып, сексуальды қызмет көрсетуге мәжбүрлеген.

Милиция мәліметі бойынша, осы іске қатысты үш күдікті әйел ұсталды. Олар уақытша тергеу абақтысында отыр. Қызды мәжбүрлеп ұстаған бордель жабылды.

XS
SM
MD
LG