Ссылки доступа

Ташкентте 230 метрлік егіз мұнара салынады


Day and Night ("Күн және түн") инвестициялық жобаның аясында Ташкенттегі Яккасарай кіші өнеркәсіп аймағында 230 метрлік егіз мұнарадан тұратын бизнес орталығы салынады. Бұл туралы Ташкент мэрінің орынбасары Шафор Рахманов мәлімдеді.

Оның сөзінше, бизнес орталығы аймағында 16 сауда, тұрақ-жай және мәдени павильондор салыну жоспарланып жатыр. Жобаны іске асыру үшін үш жыл және 1 млрд доллар қаражат қажет етеді екен.

"Бизнес орталықтан жылына 500 миллион доллар кіріс түсуі керек. Онда 20 мың жұмыс орны құрылады",- деді Рахманов.

Кешеннің орталық бөлігінде салынатын 230 метр биіктіктегі егіз мұнара ай мен күнді елестетеді. Оларда мейрамхана және демалу аймақтары орналасады.

XS
SM
MD
LG