Ссылки доступа

Түркіменстанның Өзбекстанмен шекаралас тұрғындары елінде тыйым салынған фильмді көрді


Өзбекстанмен шекаралас Лебап уәлаятының тұрғындары 21 қаңтарда шулы «6 Underground/Елес алтылық» фильмін көруге мүмкіндік алды.

Түркіменстанда тыйым салынған америкалық жауынгерлік жанрындағы фильм сейсенбі күні кешкісін өзбектің «Севимли» телеканалынан көрсетілген.

Netflix компаниясының өнімі болып саналатын бұл фильм түркімен өмірін елестетеді делініп, Түркіменстанда көрсетуге тыйым салынған.

Фильмді көрген тұрғындардың айтуынша, фильмде түркімен атауы, түркімен тілі, тіптен түркіменнің мемлекеттік рәміздері кездеседі.

«Фильмдегі диктатор Ровач Алимовтың (Бұл фильмдегі бас зұлым кейіпкер) Гурбангулы [Бердімұхамедов] екенін білдік. Оның әрекеттерінің бәрі Гурбангулыны еске түсіреді»,- дейді Азаттықтың түркімен қызметі тілшісіне сұқбат беруші.

«6 Underground/Елес алтылық» фильмінің премьерасы былтыр желтоқсан айында көрсетілді. Бюджеті 150 миллион доллар. Онда американың голливуд жұлдыздары ойнайды. Сюжет желісі бойынша америкалық миллиардер Тургистан еліне демократия орнатқысы келеді.

XS
SM
MD
LG