Ссылки доступа

Қырғызстан: жемқорлық туралы хабарлаған офицерді әріптестері сотқа берді


Граница. Иллюстративное фото.
Граница. Иллюстративное фото.

Қырғызстанда Мемлекеттік шекара қызметінің подполковнигі Талғат Алановты оның бес әріптесі сотқа беріп, 500 мың сом (7 мың доллар) талап етті.

Талғат Аянов өткен жылы 27 қарашада Ош қаласында баспасөз мәслихатын өткізіп, шекарадағы жемқорлық туралы мәлімдеген. Одан соң Ош қаласының әскери прокуратурасы тексеру жүргізе бастаған. Әзірге тексеру нәтижесі шыққан жоқ. Бірақ Талғат Аланов қудалауға ұшырағанын мәлімдеп отыр.

Брифингте ол "Достук", "Иркештам" және "Сары-Таш" шекара бекеттерінде жемқорлық жайлағанын айтқан. Алановтың мәлімдеуінше, басшылық шекарада жұмыс істейтін қызметкерлерден ақша талап етіп отырған, қызмет "сатумен" айналысқан. Соның салдарынан қарапайым қызметкерлер зардап шегеді деді ол.

21 қаңтарда шекарадағы тексеру-өткізу бекетінің бес қызметкері Алановтың үстінен сотқа шағым түсіргені мәлім болды.

"Менің ғана емес, басқарып отырған мекемедегі қызметкерлеріне жала жабылды. Сот арызды қабылдады. Демалыста жүрген Талғат Алановтың басшылыққа шағымданбай, бірден баспасөз мәслихатын өткізгені дұрыс болмады. Сол себепті біз сотқа шағымдандық", - деді Ош облысы шекара қызметі басқармасының басшысы Илгиз Талипов.

Аланов болса қысым күшейгенін айтып отыр.

"Телефонмен қорқытады. Көзімді жоямыз дейді. Осындай қорқыту-үркітулер толастар емес. Есіктің алдына хат тастап кетіпті. Енді олар менің отбасымды бұзғысы келеді", - деді Аланов.

XS
SM
MD
LG