Ссылки доступа

Қырғызстанда қар барысын атқандарды іздестіріп жатыр (видео)


Қырғызстан тұрғындары бірнеше аптадан бері Талас облысында қар барысының тағдырына алаңдап отыр. Оны белгісіз біреулеп атып кеткен.

Барыс оңалып келеді, бірақ ол енді жабайы табиғатқа ешқашан қайтып орала алмайды.

В Кыргызстане спасают снежного барса, которого расстреляли в упор
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:03:15 0:00

"Көптеген адам хабарласып жатыр. Біреулер ет ұсынса, тағы біреулер ақшамен көмектескісі келеді", – деді "Бугу-Эне" қоғамдық қорының жетекшісі Салтанат Сейітова.

Жаралы қар барысын Талас облысының тұрғындары орманда ағашта тығылып отырғанын көрген. Олар аңның жаралы екенін байқап, барысты Бішкекке жеткізген.

Бірнеше ветеринар ота жасады. Олар барысты жақын жерден атқанын анықтады. Барыстың басына шамамен 70 бытыра оғы тиген, соның 18-і алынды. Аңның көзі жарақаттан көрмей қалды. Көру қабілеті қалпына келген күннің өзінде, оның бір көзі ғана көреді.

"Отадан соң ол оңала бастады. Тамақ ішеді, көп ұйықтайды. Әзірге қандай да бір болжам айтуға ерте", - дейді Сейітова.

Мамандар барыс екі жастан асқанын анықтады. Оны Жаабарыс деп атады.

Жаабарысты атқандарды іздестіріп жатыр. Қар барысын заңсыз аулау қылмысына қатысты іс қозғалды. Қар барысы Қырғызстаның Қызыл кітабында бар. Мамандардың айтуынша, әлемде шамамен 7 мың ғана қар барысы қалған.

XS
SM
MD
LG