Ссылки доступа

БҰҰ миссиясы: Ливияға қару-жарақ жеткізу толастар емес


Боец проправительственных сил в Ливии
Боец проправительственных сил в Ливии

БҰҰ-ның Ливияны қолдау жөніндегі миссиясы (UNSMIL) өкілдерінің мәлімдеуінше, 19 қаңтарда Берлинде қару-жарақ беруді доғару туралы келісім жасалғанына қарамастан, Ливияға қару тасу толастамай тұр.

UNSMI мәлімдемесінде жанжал ошағына қару-жарақ жеткізушілер арасында Берлиндегі халықаралық келісімге қатысқан елдер де бар екені айтылды. Дегенмен нақты қай елдер екені аталмады.

Оқ атуды доғару туралы келісімге қарамастан, Ливия ұлттық әскерінің қолбасшысы маршал Халиф Хафтар бастаған тоқ Мисрат қаласына шабуылдап жатыр. AP агенттігінің мәліметіне қарағанда, 26 қаңтарда Хафтар әскері қаладан 120 шақырым жерде болған. Мисрат қаласы Триполи қорғанысындағы маңызды бекіністердің бірі.

19 қаңтарда Берлинде өткен халықарадық конференцияға Германия, АҚШ, Ресей, Ұлыбритания, Франция, Қытай, БАӘ, Түркия, Конго, Италия, Египет, Алжир өкілдері қатысты. Бұл жиынға БҰҰ, Еуроодақ, Афирика одағы және Араб елдері лигасының өкілдері де шақырылды.

XS
SM
MD
LG