Ссылки доступа

Өзбекстанда үш бала газдан уланып қайтыс болды


Өзбекстанның Жызақ облысы Шараф Рашидов ауданында бір үйдің 8, 12 және 14 жастағы үш баласы газдан уланып қайтыс болды. Анасы жансақтау бөлімінде жатыр.

25 қаңтар күні үш баланың денесін таңғы 5:10 шамасында жұмыстан келген әкесі байқаған.

«Алдын ала болжам бойынша балалардың өлімі газдан болған», – дейді денсаулық сақтау министрлігі өкілі.

Мәлімет бойынша, жертөледен жағылатын пештің иісі балалар ұйықтап жатқан бөлмеге өтіп кеткен.

Өзбекстанда жыл сайын қыс мезгілінде газдан уланатындар саны артады. Басты себебі техникалық қауіпсіздікті сақтамауынан дейді мамандар.

XS
SM
MD
LG