Ссылки доступа

Түркімен дәрігерлеріне жұмыста телефон ұстауға тыйым салды


Аурухана, Ашғабад (мұрағат сурет)
Аурухана, Ашғабад (мұрағат сурет)

Азаттық радиосы түркімен қызметінің Ашғабадтағы тілшісінің хабарлауынша, дәрігерлерге бұдан былай жұмыста телефон ұстауға тыйым салған. Үйіне қалдырып кетуі тиіс немесе бас дәрігерге өткізуі керек екен.

Осыған дейін оқу орындарында ұялы телефон қолдануға тыйым салынғаны жөнінде айтылған. Алдымен Ашғабад, кейін Балкан, Лебап және Дашогуз уәлаятындағы мектептерге тыйым салынған. Ата-аналар жиналысында телефон ұстау бала тәрбиесіне кері әсерін тигізеді деп түсіндірген. ​

Жалпы білім және медицина саласындағы қызметкерлеріне телефон ұстауға тыйым салу интернет пен ақпаратқа шектеуді күшейту аясында жүріп жатыр.

XS
SM
MD
LG