"Біз сот-медициналық сараптама нәтижесін алдық. Онда бір жастағы қызды ауыр затпен ұрғаны айтылған. Жергілікті сарапшылар тергеудің қосымша екі сауалына жауап бере алмай отыр, сол себепті Бішкекте тағы бір сараптама жасалады. Тергеу жүріп жатыр", - деді Канаев.
Қызды оның нағашы әжесі 10 қаңтарда түнде Ак-Суй аудандық ауруханасына суық тиді деп алып келген. Дәрігерлердің айтуынша, қыз есін жимастан қайтыс болған.
Марқұмның әжесі немересінің ауырып өлгеніне сенбей, милицияға арызданған. Өйткені ол қыздың денесі көгергенін байқаған.