Ссылки доступа

Самарқанда интернатта оқитын бала түнде далада қалып, аяғын үсіріп алды


В настоящее время 12-летний Собитжон Ибрагимов находится в больнице.
В настоящее время 12-летний Собитжон Ибрагимов находится в больнице.

Самарқанд облысы Акдария ауданында психикалық дамуы баяу балаларға арналған №63 мектеп-интернаттың 12 жастағы оқушысы Собитжон Ибрагимов ауруханаға түсті. Оның аяғы үсіп қалған, өкпесі ісінген.

Самарқандық белсендінің хабарлауынша, 22 қаңтарда түнде бесінші сынып оқушысы Собитжон Ибрагимов жатақхана ауласындағы әжетханаға шыққан. Оқушы қайтып келгенде, жатақхана есігі жабық болған. Есікті ұзақ қаққанына қарамастан, оны ешкім ашпаған.

Сол күні кезекші тәрбиеші балалар санын түгелдемей, жатақхананы кілттеп, үйіне кетіп қалған.

Собитжон жатақхана ауласындағы сарайды түнеп шыққан. Сол түні -4 градус аяз болған.

12 жастағы Собитжонды таңертең тәрбиешілердің бірі сарайдан тауып алып, жедел жәрдем шақыртқан. Баланың жағдайы ауыр болғандықтан, оны жансақтау бөліміне жатқызды.

Аудандық білім бөлімі мектеп-интернаттағы оқиғаға қатысты шара қолданды. Білім мекемесінің басшылығына ескерту жасалды. Сол түні жатақхана есігін жауып кеткен тәрбиеші жұмыстан шығарылды.

XS
SM
MD
LG