Ссылки доступа

Стамбұлдағы ұшақ апатынан бір адам қаза болып, 150-ден астамы жараланды


Pegasus Airlines әуе компаниясы апатқа ұшыраған «Боинг» 737-86J ұшағы. Стамбұл, 5 ақпан, 2020 жыл.
Pegasus Airlines әуе компаниясы апатқа ұшыраған «Боинг» 737-86J ұшағы. Стамбұл, 5 ақпан, 2020 жыл.

Pegasus Airlines әуе компаниясының ұшағы Стамбұл әуежайында апатқа ұшырап, нәтижесінде бір адам қаза болып, кемінде 157-сі зардап шеккен. Бортта 177 адам болған.

"Ұшақ 30 метрлік биіктіктен қону кезінде құлап түскен", - деді Стамбұл губернаторы Али Йерликай жергілікті телеканалдардың эфирінде.

5 ақпан күні кешкісін Измир-Стамбұл бағыты бойынша ұшып келген «Боинг» ұшағы қону кезінде апатқа ұшырап, екіге бөлініп кеткен.

Алдын ала болжамға сәйкес, апатқа қатты жел себеп болған.

XS
SM
MD
LG