Ссылки доступа

Трамп: "Мұндайды ешбір президент басынан өткізбеді"


АҚШ президенті Дональд Трамп бейсенбі күні Сенатта өзіне импичмент жариялау бойынша дауыс берудің қорытындысына пікір білдірді. Сенаторлардың басым бөлігі президентті қызметінен аластатуға қарсы дауыс берді.

Ақ үйде жақтастарының алдында сөйлеген сөзінде Трамп өзіне қарсы импичмент процесін "жауыздық" және "лас полиция өкілдерінің", "өтірікшілердің" және "өсекшілердің" әрекеті деп атады. Трамптың сөзінше, импичмент туралы іс жүріп жатқанда, "ешбір президент басынан өткізбеген жағдайды кешуіне тура келген". "Біз тозақтан өттік" - деген Трамп Украинаға қатысты, өзінің қарсыласы Джо Байденге қатысты ешқандай заң бұзушылық жасамағанын атап өтті.

Трамп республикашыл "достарын" қолдау көрсеткені үшін алғысын жеткізді.

Ол импичмент бастамасын көтерген демократтардан басқа Федералды барлау бюросының бұрынғы басшысы Джеймс Комиді сынға алды. Ол сонымен бірге импичментті қолдап дауыс берген жалғыз сенатор Митт Ромнидің әрекетіне өкінетінін де жеткізді.

Президент Ақ үйге келген үш жыл бойында өзіне қарсы жұмыс істеді деп демократтарды айыптады.

Демократтар Трампты Конгресс жұмысына кедергі келтірді және қызметін асыра пайдаланды деп айыптады. Сенаторлар бұл іс бойынша басым дауыспен Трампты ақтап алды.

XS
SM
MD
LG