Ссылки доступа

Қырғызстандық әйел үстіне бензин құйып, өртеген күйеуіне кешірім берді


Қырғызстандағы Қаракөл қаласының тұрғыны Сатина үстіне бензин құйып, өртеген күйеуіне кешірім берді. Бұл туралы Ыстықкөл облыстық ішкі істер басқармасының баспасөз хатшысы Сталбек Усубакунов хабарлады.

"Қаңтар айының соңында 33 жастағы Сатина Бабаканова күйеуі Н. Ч.-ге ешқандай шағымы жоғын милицияға хабарлады. Ол отбасын бұзғысы келмейді, күйеуімен бірге тұрғанын қалайды", - деді Усубакунов.

Зардап шегушінің кешімір бергеніне қарамастан, сотқа дейінгі өндіріс тоқтамайды, іс материалдары сотқа жетеді. Күдікті "кісі өлтіруге талпыныс жасады" деп айыпталған.

4 қаңтарда Қаракөл қаласында ер азамат әйелінің үстіне бензин құйып, оны өртеген. 33 жастағы әйел ауруханаға түсткен. Оның беті, қолы, аяғы күйіп қалған. Әйел мен ер кісі азаматтық некеде тұрған. Күдікті сот шешімімен екі ай қамауға алынды.

XS
SM
MD
LG