Ссылки доступа

Ашғабадта ұялы телефон ұстаған оқушылардың ата-анасына айыппұл салып жатыр


Ашғабад (мұрағат сурет)
Ашғабад (мұрағат сурет)

Түркіменстан астанасында мектепте ұялы телефон ұстаған оқушылардың ата-анасына айыппұл салына бастады. Осылай деп Азаттықтың түркімен қызметі хабарлайды.

Бұл мемлекеттік мекемелер мен мектептерде смартфон ұстауға тыйым салу аясында жүріп жатыр.

Ашғабадтағы Азаттық тілшісінің хабарлауынша, екі мектепте телефон пайдаланғаны үшін оқушыларды полиция қызметкерлері алып кеткен жағдай кездескен.

- Полиция бөлімшесіне ата-аналарды шақырып, оларға 100 манаттан айыппұл салып жатыр. Айыппұлды банк арқылы төлеуі тиіс. Төленді деген түбіртекті полиция бөлімшесіне алып барғанда ғана, тәркіленген телефондарды қайтарып береді, - дейді тілші.

Тілші дереккөзінің хабарлауынша, 11 ақпанда Ашғабад мектептерінде дәріс үстінде арнайы комиссия оқушылардың сөмкесін ашып тексерген.

- Комиссия құрамында мектеп директорлары, полиция өкілдері және сонымен бірге білім министрлігі қызметкерлері бар. Олар әрбір оқушының портфельдерін ашып, кітаптарын тексерген. Бұл әрі телефоны бар-жоғын тексеруге жақсы мүмкіндік, - деген ата-ананың бірі Азаттықтың Ашғабадтағы тілшісіне.

XS
SM
MD
LG