Ссылки доступа

Тәжікстан картоп күнін атап өтпек


Тәжікстанда жаңа мереке – Картоп күні белгіленді. Оны Худжандта Наурыз күндерінің бірінде атап өтетін болады. Осындай жарлықты Соғды облысы төрағасы Раджаб Ахмадзода шығарған.

Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонның бұйрығы бойынша, алдағы бес жылда Соғды облысы картоп егінін 1 млн тоннаға дейін жеткізуі тиіс.

Тәжікстанның әр аймағында қауын, бал, жүзім және алма күні секілді мейрамдар атап өтіледі.

Наурыз – Орталық Азия елдерінде жаңа жыл, теңдік күні ретінде атап өтіледі. Тәжікстанда бұл мереке 21-24 наурыз арасында тойланады.

2017 жылы Тәжікстанның білім және ғылым министрлігі 1 наурыздан 24 наурызға дейін студенттер оқу орнына тек ұлттық киім киіп келуі тиіс деген жарлық шығарған.

XS
SM
MD
LG