Ссылки доступа

Тәжікстанда құрылыс компаниясының бұрынғы басшысы 21 жылға сотталды


Душанбе қалалық соты "Қолжетімді баспана" құрылыс компаниясының бұрынғы басшысы Нурулло Наимовты 21 жылға бас бостандығынан айырды. Мұнан бөлек оның бес қызметкері сегіз жылдан 16 жылға дейінгі мерзімге сотталды.

Осыған дейін прокурор Наимовқа 22 жыл жаза сұраған. Ол үлескерлердің ақшасын өз пайдасына алған деп айыпталуда.

Үкімге сәйкес, құрылыс компаниясының бұрынғы басшысының мүлкі мемлекет пайдасына тәркіленген. Үлескерлердің ақшасын алып беру міндеті сот атқарушыларға жүктелді.

XS
SM
MD
LG