Ссылки доступа

АҚШ сенаты Трамптың әскери өкілетін шектейтін резолюцияны мақұлдады


Заседание Сената

АҚШ сенаты 13 ақпанда президенттің Иранға қатысты әскери операциялар жүргізу өкілетін шектейтін резолюцияны қабылдады. Қаңтар айының басында өкілдер палатасы құжатты мақұлдаған. Сенаттағы 47 демократтан бөлек 8 республикашыл құжатты қолдап дауыс берді. 45-і қарсы болды.

Бұған дейін Дональд Трамп республикашылдарды құжатты қолдамауға шақырған.

"АҚШ сенаты Иран бойынша әскери өкілет туралы резолюцияға дауыс бермеуі тиіс, бұл елдің қауіпсіздігі үшін маңызды. Бізде Иран бойынша бәрі жақсы, қазір әлсіздік көрсететін уақыт емес" деп жазды Трамп Twitter-де.

Егер Трамп құжатқа вето қойса, құжаттың қабылдануы үшін 67 сенатордың дауысы керек. Сарапшылар мұндай жағдайда құжат қабылдана қоймас деп болжайды.

Қаңтар айында Бағдат әуежайында ирандық генерал Касем Сүлеймани өлтіріліп, АҚШ пен Иран арасындағы жағдай ушыққан кезде өкілдер палатасы осындай резолюцияны қабылдаған. Генерал өлімінен кейін Иран АҚШ-тың Ирактағы әуе базасын зымыранмен атқылады.

Құжатты талқыға шығарған демократтар АҚШ пен Иран арасындағы ірі жанжалға жол бергісі келмейтінін, алайда Трамптың әрекеті соған итермелейтінін айтқан.

Республикашылдардың басым бөлігі Сүлейманиге қарсы операцияны да, президенттің қажет кезде Иранға қарсы қарулы күштерді қолдану құқығын қолдады.

XS
SM
MD
LG