Ссылки доступа

Еуроодақ Қырғызстанның әлеуметтік қорғау секторына 5 млн евро бөлді


Еуропалық одақ Қырғызстан үкіметінің қазына есебіне 5 млн 750 мың евро грант бөлді. Бұл туралы Еуроодақтың Қырғызстандағы өкілдігі хабарлады.

Қаражат әлеуметтік қорғау секторына аударылады. Грант Қырғызстандағы әлеуметтік секторды реформалау үшін үкіметке көмек бағдарламасы аясында бөлінген.

2016 жылдан бері Еуроодақ Қырғызстанға осы мақсатта 16,5 млн евро аударды.

Еуроодақ өкілдігінің мәліметі бойынша, осы қолдаудың арқасында Еңбек және әлеуметті қорғау министрлігінің елдегі үкіметтік емес ұйымдармен қарым-қатынасы жақсарды, әлеуметтік жұмысшы кәсібі дамып келеді, балаларға арналған интернеттарды реформалау жүріп жатыр.

XS
SM
MD
LG