Ссылки доступа

Ташкентте тәулікпен істейтін жұмыскер әйелдер орталығы ашылды


Ташкенттің Яшнабад ауданында тәулікпен істейтін жұмыскер әйелдердің орталығы ашылды. Бұл туралы жергілікті ақпарат құралдары хабарлады.

Орталықта бағасы төмен асхана жұмыс істейді. Мұнда демалуға болады. Уақытша жұмыс туралы мәлімет беріледі

Еңбек министрі Назима Хусанованың айтуынша, орталық қызметкерлері әйелдерге жұмыс батуға көмектеседі.

Министрдің хабарлауынша, биыл Ташкентте және Ташкент облысында осындай алты орталық ашылады. Өзбекстанның басқа да өңірлерінде осындай орталық ашу жоспарда бар.

XS
SM
MD
LG