Ссылки доступа

Қытай вирус туралы жазған WSJ журналистерінің аккредитациясын қайтарып алды


Қытай америкалық The Wall Street Journal газетінің үш журналисінің аккредитациясын қайтарып алды. Тілшілер бес күннің ішінде елден кетуі керек.

"Қытай - Азиядағы нағыз науқас" деп аталатын мақала 3 ақпанда жарияланды. Онда Қытай билігі эпидемияның шынайы аумағын жасырып отыр делінген. Журналистердің бұл мақалаға қатысы жоқ. Оны профессор Уолтер Рассел Мид жазған.

Қытайдың сыртқы істер министрлігі мұндай мақала вируспен күресіп жатқан елді қаралайды деп есептейді. Пекин The Wall Street Journal газетінен кінәлілерді жазалап, кешірім сұрауын талап етті. Дегенмен басылым бұл талаптарды орындаудан бас тартты.

Бұның алдында АҚШ Қытайдың бес ақпарат құралын – "Синьхуа" агенттігін, CCTN телеарнасын, "Қытай халықаралық радиосын", China Daily Distribution Corporation және Hai Tian Development USA медиакомпанияларын шетел агенттері деп таныған. Сол кезде Пекин Қытай билігі бұған жауап ретінде шара қолданатынын ескерткен.

XS
SM
MD
LG