Ссылки доступа

Ресей Тәжікстанда бес орыс мектебін салады


Ресей Тәжікстанға бес орыс мектебін тұрғызып, оны жабдықтауға көмектеседі. Бұл туралы 24 ақпанда Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров Душанбеде баспасөз конференциясында мәлімдеді.

"Ресей Тәжікстанның Душанбе, Куляб, Худжанд, Бохтар және Турсунзаде қалаларында бес орыс мектебін салу туралы үкіметаралық келісім қабылдады", - деді Лавров.

Тәжікстан білім министрінің орынбасары Рахматулло Мирбобоев бұған дейін Ресейдің көмегімен салынатын мектептердің әрқайсында 1200 бала оқитынын, білім мекемелері үш жылда тұрғызылатынын айтқан. Бес орыс мектебінің құрылысы туралы келісімді 2019 жылы Ресей президенті Владимир Путин мен Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон қол қойған.

Осы уақытқа дейін Тәжікстанда мектептер негізінен Дүниежүзілік банк қаражатына салынып келген. Алайда 2019 жылдың басында халықаралық донорлар Тәжікстанды қолдау бағдарламасын тоқтатып қойды.

Мәскеу Тәжікстандағы мектептерге 12 жылдан бері көмектесіп келеді: бұл елге оқулықтар мен мұғалімдер жібереді.

XS
SM
MD
LG