Ссылки доступа

ХОК: Токиодағы олимпиада белгіленген уақытында өтеді


Токиодағы олимпиада стадионы
Токиодағы олимпиада стадионы

Жазғы Олимпиада Токиода белгіленген уақытта – 24 шілдеден 9 тамыз аралығында өтеді. Халықаралық олимпиада комитеті (ХОК) коронавирус індетіне қарсы тұру шараларын талқылай келе, осындай шешім қабылдады. Комитет жарысқа қатысатын барлық спортшыларды дайындықты жалғастыра беруге шақырды.

Бірқатар елдер Токиодан Олимпиаданы өткізуді жыл соңына қалдыруды сұраған. Бірақ бұл шешімді тек ХОК қабылдайды.

Жапония билігінің өзі Олимпиадаға ешқандай қауіп төніп тұрмағанын айтқан. Дайындыққа 12 млрд доллар бөлініп қойған.

Соңғы мәлімет бойынша, әлемде COVID-19 індетінің жаңа түрін жұқтырғандар саны 90 мыңнан асқан. Үш мыңнан астам адам қайтыс болды. Вирус Қытай, Оңтүстік Корея, Иран және Италия елдерінде кең тарап жатыр. ЕО елдерінде екі мыңға жуық адам ауырып, 38-і көз жұмған. Олардың дені – Италия азаматтары.

XS
SM
MD
LG