Ссылки доступа

Өмірлік түрме жазасына кесілген Әзімжан Асқаровтың әйелі президентке хат жазды


Қырғызстанда өмірлік түрме жазасына кесілген құқық қорғаушы Әзімжан Асқаровтың әйелі Хадича Асқарова президент Сооронбай Жээнбековке үндеу жолдады.

Хадича хатта 2010 жылғы маусым оқиғасынан соң сотталған Асқаров пен тағы бірнеше адам жазаны ауыр жағдайда өтеуге мәжбүр, бірақ сот шешіміне сәйкес, қатаң жүйе бес жылға ғана созылуы тиіс.

Хат авторының айтуынша, 2020 жылдың қаңтарында Әзімжан Асқаровты қатаң жүйеден ауыстыруы керек еді, бірақ әлі күнге дейін оны ешкім орындамады.

"Күйеуім остеохондрозбен ауырады, буыны қақсайды, оған ешқандай дәрі көмектеспейді. Оның денсаулығы үшін қатты алаңдаймын. Мен оған ауру сезімін басатын дәрі мен дәрілік шөп апарып жүрмін. Ол тұнбаны өзі дайындап, аурумен күресіп жүр" деді Хадича.

Асқарова күйеуі заңсыз сотталды деп есептейді. Президентке жазған хатында ол БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі комитетінің шешімін ескертіп, президенттен судьяларды заң үстемдігін сақтауға шақыруын сұрады.

Әзімжан Асқаров Жалал-Абад облысы Базар-Коргон ауданында тұрып, адам құқықтарын қорғаумен айналысты. 2010 жылғы маусым оқиғасынан соң оны жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырды, милиция қызметкерін өлтіруге қатысты деген күдікпен ұстады. Соттың барлық инстанциясы оны өмірлік түрме жазасына кесті.

XS
SM
MD
LG