Ссылки доступа

Өзбекстанда оқушылар сабаққа бармағаны үшін сынып жетекшілерінің жалақысын қысқартқан


Гүлістан қалалық білім бөлімінің қызметкерлері 29 ақпанда қаладағы мекептердің барлығына арнайы рейд өткізді. Оқушылардың бірнешеуі сабақққа бармағаны үшін сынып жетекшілерінің ақпан айындағы жалақысынан ақша ұстап қалынған.

Түлістандағы мектептердің бірінде 11 сынып жетекшісі болып істейтін мұғалімнің айтуынша, бухгалтерия ақпандағы айлықтың 85 мың сумын (8 доллар) ұстап қалған.

– Рейд жүргізілген күні 38 оқушының төртеуі сабақта болмаған. Оның себебін мен жақсы білемін. Олар сабақтан үнемі қалмайды. Соған қарамастан бухгалтерия менің ақпан айындағы жалақымнан 85 мың сум ұстап қалған. Әділеттілік қайда? – деді мұғалім.

Осы мектептің директоры Мухаббат Касымова сынып жетекшісі болып істейтіндердің кейбірінің айлығы қысқартылғанын растады.

– Қаладағы білім бөлімінің басшылығы жауапкершілікті толық атқанмаған сынып жетекшілерін жазалауды ұйғарды, - деді мектеп директоры.

Оның айтуынша, рейд қәтижесінде алты сынып жетекшісі жазаланған.

XS
SM
MD
LG