Ссылки доступа

«Mercy Corps» халықаралық ұйымы Өзбекстанға қайтып келді


Өзбекстанның әділет министрлігі 9 наурызда халықаралық «Қайырымдылық корпусы» («Mercy Corps») үкіметтік емес ұйымының өкілдігін тіркеуден өткізді.

Бас кеңсесі Құрама Штаттарда орналасқан ұйымның басты мақсаты - Өзбекстан халқының жағдайын жақсарту үшін мемлекеттік және жекеменшік мекемелердің ортасындағы байланысты құру және нығайту.

«Mercy Corps» ұйымы 2020 жылдан 2025 жылға дейін балалар тағамы жобасын жүзеге асыруды көздеп отыр. Оны АҚШ-тың ауыл шаруашылығы министрлігі қаржыландырады.

Аталған ұйым Өзбекстанда 1995 жылдан 2006 жылға дейін жұмыс істеген. 2005 жылы ұйымға салық қызметінен табысы туралы мәліметті жасырды деп айып тағылды. Ұйым бұл іс бойынша сотта жеңіп шыққанына қарамастан, Ташкенттегі бөлімі жабылып қалды.

XS
SM
MD
LG