Ссылки доступа

Жапония Қырғызстанға екі ірі жоба бойынша 8 млн доллар бермек


Жапония үкіметі Қырғызстанға Орталық сайлау комиссиясына көмек ретінде 4 млн доллар береді. Бұл жөнінде Қырғызстанның мемлекеттік тіркеу қызметі хабарлады.

Мемлекеттік тіркеу қызметінің төрағасы Акын Мамбеталиев екі жобаны жүзеге асыру үшін 8 млн доллар бөлу жөніндегі келісімге қол қою шарасына қатысты.

Бөлінетін соманың 4 миллионы елдегі сайлау жүйесін жақсартуға, қалған 4 миллионы климаттың өзгеру қаупін алдын алуға және балалар жағдайын жақсартуға жұмсалмақ.

Алғашқысын БҰҰ-ның Даму бағдарламасы, екіншісін аталған ұйымның Балалар қоры (ЮНИСЕФ) жүзеге асырады.

XS
SM
MD
LG