Ссылки доступа

Өзбекстанда бұрынғы проректорға жалған диплом қолданғаны үшін қылмыстық іс қозғалды


Жалған диплом қолданғаны үшін Самарқандағы "Жібек жолы" халықаралық туризм университетінің бұрынғы проректоры Азамат Акбаровқа қатысты қылмыстық іс қозғалды.

43 жастағы Акбаров биыл 7 қаңтарда философия ғылымдарының кандидаты деген дипломының жалғандығына байланысты қызметінен алынған.

«Азамат Акбаров ешқашан BURCH халықаралық университетінде білім алған емес. Бұдан бөлек университеттің дипломының сыртқы мұқабасы Акбаров дипломынан бөлек»,- деп жазылған BURCH университетінің Өзбекстандағы Жоғарғы аттестациялық комиссиясына жіберген ресми хатында.

Егер Акбаров айыпты деп табылса, елу айлық есептік көрсеткіш бойынша айыппұл төлеп және екі жыл көлемінде қоғамдық жұмыстарға жегіледі. Не болмаса алты айдан екі жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

XS
SM
MD
LG