Ссылки доступа

ТМД миссиясы Тәжікстандағы сайлауды ашық өтті деп хабарлады


ТМД елдерінің байқаушылар миссиясы 1 наурыздағы Тәжікстан парламенті төменгі палатасына сайлауды «ел Конституциясына және заңдарына сәйкес» өткенін мәлімдеді.

Миссияның 12 наурызда жариялаған мәлімдемесінде сайлау барысында ешқандай заң бұзылмағанын, ашық өткенін атап өткен.

Бірақ сайлаудан кейін жергілікті тәуелсіз журналистер көптеген заң бұзушылықтар орын алғанын, оның ішінде азаматтарға бірнеше бюллетень берілген жағдайға куә болғанын хабарлаған.

Тәжікстан ОСК мәліметіне сәйкес, биліктің Халықтық-демократиялық партиясы 50,4% дауыс жинаған.

ЕҚЫҰ-ның Демократиялық институттар және адам құқықтары бойынша бюроның миссиясы Тәжікстандағы парламенттік сайлау бойынша баяндамасын екі ай ішінде жарияламақ.

XS
SM
MD
LG