Еуропаның футбол ассоциациялар одағы (УЕФА) 17 наурызда қазіргі жағдайды, оның ішінде Еуропа чемпионатының тағдырын талқылайды деп күтіледі. Қазір УЕФА чемпионаттың 2021 жылға ауыстырылуы мүмкіндігі туралы пікір білдірмей отыр.
Еуропада коронавирус кең таралып жатқанына байланысты Италия мен Испанияның футбол бойынша ұлттық чемпионаттары уақытша тоқтатылды. Италияның «А» сериясының футболшылары коронавирус жұқтырғаны анықталса, «Реал Мадрид» командасының ойыншылары 14 күндік карантинге алынды.
Еуропаның оннан астам қаласында өтетін футбол чемпионатына биыл 24 елдің құрама командасы қатысуы тиіс болған.
Дүйсенбі күні Солтүстік Американың Ұлттық хоккей лигасы (NXL) коронавирусқа байланысты 2019-2020 жылғы маусымын уақытша тоқтатылғанын жариялаған. Осыған дейін Ұлттық баскетбол ассоциациясы (NBA) мен MLS (Америкалық футбол лигасы) да осындай мәлімдеме таратқан. Бұдан бөлек бейсбол бойынша чемпионат (MLB) кейінгі қалған.