Ссылки доступа

Ташкентте интим жанжалдан соң оқушы қыз асылып қалды


Ташкент облысы Янгийул ауданында 9 наурызда 11 сынып оқушысы үйдегі баняда асылып қалды. Сыныптастарының айтуынша, қайғылы оқиға алдын қыздың интим видеосы тараған.

Видеода оқушы белгісіз бір жігітпен оралды секспен айналысқаны бейнеленген.

– Біз ол жігіт туралы білмейміз, видеода түрі көрінбейді. Ол да біздің мектепте оқитын болуы керек. Ол интим видеоны мобильді телефонына түсіріп, таныстарына көрсеткен. Видео 9 наурызда сабақтан соң тараған. Бұны білген оқушы қыз үйіндегі баняда асылып қалды. Қазір милиция мектептегі оқушылардың барлығын тергеп жатыр, - деді марқұмның бір сыныптасы.

Аудандық милицияның кезекші қызметкерінің хабарлауынша, тергеуді прокуратура жүргізіп жатыр.

– "Өз-өзіне қол жұмсауға дейін жеткізу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Іске қатысты ақпарат тергеуден соң белгілі болады, – деді аудандық милиция қызметкері.

XS
SM
MD
LG