Ссылки доступа

Канада премьер-министрінің әйелі коронавирус жұқтырды


Премьер-министр Канады Джастин Трюдо с женой

Канада премьер-министрі Джастин Трюдоның әйелі коронавирус жұқтырды. Қазір ол оқшауланған орында емделіп жатыр. Бұл туралы Канада премьерінің кеңсесі хабарлады.

Трюдоның өзі ауру жұқтырмаған. Ол премьер-министр қызметін 14 күн карантинде атқарады. Бірақ оның ағзасында вирус бар-жоғын тексермейді.

БҰҰ-ның Нью-Йорктегі ғимаратында коронавирус табылды. Вирус жұқтырған филлипин дипломаты 9 наурызда жұмыста болған. БҰҰ-дағы Филиппин үкіметінің барлық қызметкері карантинге орналастырылды.

Бразилия президенті Жаир Болсонару коронавирус сынағын тапсырды. Бұған дейін ол жаңа коронавирустың таралуын "ойдан шығарылған" деген. Оның көмекшісі Фабио Вайнгартен коронавирус жұқтырған. Өткен сенбіде Бразилия делегациясының құрамында АҚШ-та болған Вайнгартен президент Дональд Трамппен бір бөлмеде тамақтанған.

13 наурызда таңертеңгі мәлімет бойынша, коронавирусты 130 мыңнан астам адам жұқтырды. Бес мыңға жуық адам осы кеселден қаза болды. 70 мың адам аурудан айықты. Коронавирус әлемнің 110-нан астам елінде тарады.

XS
SM
MD
LG