Ссылки доступа

Қырғызстаннан 95 мыңнан астам медициналық масканы Қазақстанға алып шығуға талпынған


13 наурызда "Чон-Капка-автожол" шекара бекетінде Қырғызстаннан Қазақстанға заңсыз тауар алып шығуға талпынған. Бұл туралы Қырғызстанның мемлекеттік шекара қызметі хабарлады.

Қырғыз азаматының автокөлігін тексеру кезінде 95 мың 600 медициналық маска табылды. Олар кептірілген жеміс салынған қапта жатқан. Тәркіленген тауардың жалпы құны - 1 млн 400 мың сом.

Қырғызстан үкіметі 3 ақпанда Қырғызстаннан дәрі-дәрмек, медициналық заттарды шетелге шығаруға тыйым салды.

Бұған дейін үкімет отандық кәсіпорындар медициналық маска шығарып жатқанын хабарлаған.

XS
SM
MD
LG